ESL – Оқыту-аудару орталығы | Аударма қызметі
Оқыту Бос орындар Біз туралы
Аударма қызметі
Нотариалдық растау
«On-line тапсырысы» қызметі

Аударма қызметі

«ESL – Оқыту-аудару орталығы» өз клиенттері үшін ағылшын, неміс, француз, қытай және қазақ тілдерінен жазбаша және ауызша аударма жұмыстарын ұсынады. Біз кез келген көлем мен тақырып (заң, техникалық, медициналық, экономикалық және т.б.) материалдарын аз ғана уақыт ішінде аударамыз. Кез келген уақытқа сүйемелдеу, келіссөздерді жүргізу және маслихаттар үшін аудармашыларды ұсынамыз. Бұның барлығы қызметкерлер кәсіпқорлығының жоғарғы деңгейімен, қазіргі заманға сай келетін бағдарламалық қамтамасыз етуді пайдалану және аталмыш салада жұмыс өтілдері мол, халықаралық деңгейдегі сертификаттары мен біліктілігінің жоғарғы дәрежесі бар әрі іріктеудің қатаң жүйесінен өткен кәсіптік тілмаштарды тартумен шарттас.

Біз апостильді қоса алғанда, кез келген құжаттар аудармаларын нотариалдық куәландыру бойынша үлкен тәжірибе жинадық.

Біздің орталығымыздың артықшылығы қатарында ең аз тапсырысқа шектеудің болмауы, жоғарғы жеделдік, ынсапты бағалау мен аудармаларды дәлме-дәл орындау мен рәсімдеудің сапасы бар.

Жазбаша аударма

Біздің орталығымыз Сіздерге атқарылған жұмыс сапасының көпсатылы тексерілуімен мәтіндерді жазбаша аудару бойынша өз қызметін ұсынады. Біздің аудармашыларымыз Сіздер үшін техникалық, заң, экономикалық және медициналық сияқты түрлі тақырыптар бойынша жазбаша аударма жұмыстарын әзірлеуге үнемі дайын.

Орталықта сонымен қатар, сайттарды шетел тіліне аудару қызметі де жүргізіледі.

Біздің орталығымыздың мамандары сан алуан салаларға қатысы бар (құрылыс, медициналық, заң, ақпараттық технологиялар, көлікжасау, теміржол, көмір өнеркәсібі және металлургия) мәтіндер мен құжатнамалардың кәсіптік жазбаша техникалық аудармасын жүзеге асырады.

Мәтін бағыты мен қажеттілігіне байланысты біздің аудармашыларымыз сәйкес профильді мамандардан – экономистерден, заңгерлерден, докторлардан, инженерлерден және басқа да бірқатар мамандықтардың өкілдерінен кеңес алып отырады. Бұл ең ауыр да тар көлемді мамандандырылған мәтіндерді ең жоғарғы деңгейде аудару мүмкіндігін береді.

Кез келген мәтінді аудару жұмысы бірнеше кезеңнен тұрады:

  1. Тапсырысты алысымен аудармашы мәтін саласының қыр-сырымен танысып, материалдың алдын-ала сараптамасы мен оның тақырыптық бағытын жүргізеді.
  2. Бұдан кейін бастапқы мәтінді аударуға кіріседі.
  3. Соңғы кезең барысында аудармашы атқарылған жұмысты тексеріп, қажеті болса, мәтінге түзетулер мен өзгертулерді енгізеді.

Біздің қызметкерлеріміздің барлығы да аударма саласында мол жұмыс өтілдері бар және өз жұмыстарын жоғарыкәсіптік деңгейде жүргізеді.

Біздің мамандарымыз өздерінің кәсіптік дағдыларын үнемі жетілдіріп, білімдерін халықаралық үлгідегі емтихандарды тапсырумен дәлелдеп отырады.

Жазбаша техникалық аудармаларға нұсқамалар, келісімдер мен келісім-шарттар, сонымен қатар, мамандандырылған құжатнаманы аудару жұмыстары жатады:

  • Құжаттарды аудару

    Іскер құжатнаманы аудару жұмыстарына келісімдерді, келісім-шарттарды, жарғыларды, сот шешімдерін, банк көшірмелерін және басқа да құжаттарды аудару жатады. Сіздерге қажетті құжаттарды сапалы да жылдам аударумен қатар, біз оларды дұрыс рәсімдеп береміз. Біздің бюромыз бұған қоса іскер қатынасхаттарды жедел аудару бойынша жұмыстарды жүргізіп, олардың толық құпиялығына кепіл етеді. Біздің орталығымыздың аудармашылары Сіздерге сонымен қатар, «оn-line» тәртібіндегі жазбаша аудармаларды да ұсынуға әзір.

  • Жеке құжаттарды аудару

    Біздің бюромыздың тілмаштары жедел әрі сапалы түрде жеке куәліктер, анықтамалар, некеге отыру, туу туралы куәліктер, автокіліктердің техникалық паспорттары сияқты түрлі жеке құжаттарды аударуды жүзеге асырады.

Бізге хабарлассаңыз, өзіңізбен белгіленген уақыт ішінде құжаттар мен кез келген басқа да мәтіндердің дәлме-дәл, сауатты әрі жоғарыкәсіптілік аударылуын беретін толық сенімділікке ие боласыз.

Ауызша аударма

Біздің орталықта кез келген тақырыпта сүйемелдеу және келіссөздер мен маслихаттарды жүргізу үшін ауызша аударма қызметтеріне тапсырыс беруге болады.

Тапсырысты сағаттық және толық жұмыс күніне орналастыруға болады.

Сағаттық тапсырыста төлемақысы әр сағат үшін есептеледі.

Толық бір күн 8 сағаттық жұмыс күні ретінде анықталады. Артық істелген уақыт (8 сағаттан артық жұмыс) сағаттық ставкаларына сәйкес төленеді.

Тапсырыс беруші жарлығындағы аудармашының толық уақыты төленеді.

Аудармашы өз жұмысына ауызша аударма қызметін көрсетудің келісім-шартына қол қойылғаннан кейін ғана кіріседі.

Жұмыс басталуының уақыты аудармашының Екібастұз қаласының территориясында тапсырыс берушімен кездесу орнына келген уақытынан бастап есептеледі. Қызмет көрсету қаладан тыс немесе басқа қалаларда жүзеге асырылса, уақыт қала шекарасынан өту жерінен бастап есептеле бастайды.

Жол, тамақтану және мекендеу ақылары тапсырыс берушінің есебінен төленеді. Аудармашы қаладан тыс жерде көп уақыт болса (1 тәуліктен жоғары), күн сайын толық бір күн үшін төленеді. Жұмысқа артық уақыт жұмсалса, сағаттық ақы жүзеге асырылады.

Аудармашыға ұзақ уақытқа (бір ай және одан жоғары) тапсырыс жасалса, төлемақысы бөлек тариф бойынша жүргізіледі (келіскендіктен тыс емес).

Жұмыс аяқталуының уақыты болып Екібастұз қаласының территориясында қызмет көрсету бойынша атқарылған жұмыс актіне қол қойылғаннан кейінгі уақыт есептеледі. Қызмет Алматы қаласынан тыс жерде жүргізілсе, қызмет аяқталуының уақыты болып аудармашының қалаға келу уақыты есептеледі.

Бізге хабарлассаңыз, іскер қарым-қатынастарының нормалары мен толық құпиялықтың сақталуы негізінде шетелдік әңгімелесушімен толық өзара түсінушілік пен сауатты, тақырыптық және іскер тілді қолданумен сөздеріңіз бен ойларыңыздың нақты берілуін қамтамасыз ететін толық сенімділікке ие боласыз.

Hosted by uCoz