|
|||||||||||||||
|
|||||||||||||||
|
Орталықтың тіл үйретудің бірқатар ережелері:Дүкенге шалбар сатып алу үшін барарда, әдеттегідей қандай түстің және оны қай сомаға алатыныңызды білесіз. Ал курстарға келгенде, екі нәрсе ғана белгілі: жұмсай алатын қаражатыңыз және сабақтардың жиілігі. Қалғанның барлығы – бірте-бірте белгілі болады. «Маған ағылшын тілі қажет. Сіздерде не бар?». Курстар жауап береді: «Бізде English бар, бірақ бізде бары сізге қажет пе?!» Таң қалмая қойыңыз – бұл ортақ машақат. Біздің адамдарымыз оларға шетел тілі не үшін қажет екенін өздері де білмейді. Сол себепті, бес-алты курсты аралап өтіп, менеджерлерге жүздеген сауал қойып, ең соңында ең арзанын немесе менеджері әдемірек не болмаса достары баратын жерді, тіпті – жөндеу жұмыстары тәуір курстарды таңдайды. Сабақтардың 5-6 айынан кейін келесі принциптер анықталады: Тілді оқу қажет!«Курстарға жазылып, ағылшын тілін үйрену өзінен-өзі келеді деп ойладыңыз. Ал мында – оны оқу қажет екен! Бұның үстіне үй тапсырмалары бар. Масқара, шығармалар! Институттағыдай қосымша кітаптар! Сіздерге ақшаны не үшін төлеймін – тілді мен үйренбеймін бе?!» Тілді ұзақ әрі үнемі оқу қажет!«Қызық екен! Бұған дейін тілді үйрену үшін соншама уақыт жұмсау керектігі туралы ойламаппын да. Есепті әзірлеу сылтауымен бүгін жіберіп көрсем қайтеді?! Ал бүрсікүні – туған күнге барамын дей салармын. Одан арғы күндері келгенде – бір сағатқа ғана кешігіп келдім, бастығым жұмыстан кейін біраз кешіктірді деп айта салармын. Барлығы бірдеңені қызу талқылап жатыр. Тақтада түсініксіз сөздер. Кәне, мұғалім, түсінідіріңізші – мен бірнеше сабақты жіберіп алдым ғой. Ал мынау қандай конструкция? Ондайы есімде жоқ! Өткен айда жаттағанымыз ба? Ол кезде мен іс-сапарда болдым ғой деймін?! Жоқ, балық аулауда ма... Барлығы сөйлесіп жатыр, ал мен осы жерден емес сияқтымын. Сіздерге не үшін ақшамды төлеп жатырмын. Қашан келсем де де барлығы зая». Сабақтарды босатпа!Сізге қажетті курстарды таңдап, уақытында бастаңыз. «Осында жарты жыл келіп жүрмін. Pre-Intermediate-ға көштім. Ауа-райы және хоббиім туралы айтып бере аламын. Міне, өмірімдегі қызық оқиғалар туралы шығармаларды алып келдім. Ал бұған дейін тек – My name is Vova ғана болатын. Бірақ күмәнім бар – үш айдан кейін әңгімелесу болады. Компьютерлермен айналысатын компания менеджер қызметін ұсынып отыр. Сол себепті де әңгімелесуді міндетті түрде жүргізу қажет. Сонда мен оларға ауа-райы туралы айтып отырамын ба? Әңгімелесуге дейін қашан жетеміз? Не үшін ақша төлеп жатырмын?!» Қосымша болса да, сізге қажетті бағытты таңдап, оқу қажет!Тілді экономика немесе математика сияқты емес, тіл сияқты оқу қажет. «Кәне, хэллоу, хэллоу. Бізге таратылған карточкаларда не деп жазылған? Не айтуымыз керек? Жарайды, бұл сіздердің түсініксіз әдістемелеріңіз. Отыруға бола ма? Ал, бірдеңе айтыңыз, әйтпесе, барлығымыз бос отырамыз ба? Ережелер туралы айтыңыз деймін. Менің қалың конспектімді көрдіңіз бе?! Үйге берілмеген диалогты қазір қалай құрастыратын боламын. Мына мәтін туралы не айтып бере аламын, біз оны әлі орыс тіліне де аударған жоқпыз ғой?! Сіздер ақша сыпыруды ғана білесіздер, ал мен барлығын өзім ойлауым керек!» Сіз үшін әдетті емес, бірақ тиімді әдістерді қабылдауға дайындалыңыз!Маған сөйлесу ағылшын тілі керек! Грамматиканы ұсынбай-ақ қойыңыз, мен ол үшін ақша төлемеймін ғой?! Грамматикасыз неге болмайды? Транскрипциясыз, кітап оқусыз және грамматикасыз тіл үйренуге болмай ма??? Бұл сөзді орысша жазып алуға болмай ма? Маған осылайша жаттаған жеңіл болады... Есіңізде сақтаңыз: тіл – біртұтастың айрылмас бөлігі, одан грамматиканы немесе фонетиканы алып тастауға болмайды!Қайдағы бір «shall» жайында неге айтып жатырсыз? Оны кім пайдаланады? Соншама модальды етістіктерді білудің қажеті неде? Маған «can» де жетіп жатыр. «Ұнайды» сөзінің тағы бір баламасының керегі неде? Мен «like» сөзін жақсы жаттап алғанмын... «-ing» және «- to» қай жағдайда қойылатынымен басымды қатырып қайтемін? Мені бұларсыз-ақ бәрі де түсінеді. Дұрыс әдеби тілді үйренуге дайындалыңыз, оны «бұзуға» әркез уақыт табылады! |
||||||||||||||