|
|
|
Өзіңізді еркін ұстаңыз!
Сабақ үстінде біраз үзіліс жасап, өзіңізді бақылап көріңіз. Өз денеңізді сезініңіз. Ағымдағы жағдайға қатысы жоқ көптеген бұлшық еттеріңіздің мықшындалғанын байқайсыз. Мысалы, ішіңіз анағұрлым мықшындалған. Бұл диафрагманың қысымын тудырып, өз кезегінде, жүрек жұмысы мен тыныс мүшелеріне әсерін тигізеді. Жүрегіңіз жиі-жиі соғып, әр тыныс алуыңыз естіледі. Бұл жағдайда түсіну немесе кез келген ақпаратты есте қалдыру қиынға соғады.
Үнемі күш салып жұмыс істейтін дене бөлігіңіз – бұл жақ. Жақ бұлшық еттеріңің мықшындалуы ас қабылдау және сөйлеу кезінде расталады. Басқа уақытта оларға демалыс беріңіз.
Қолыңыз – күш салып жұмыс істейтін ағзаның тағы бір элементі. Қандай да бір кітапты оқу немесе кез келген ақпаратты зерттеу кезінде қолдарыңызды еркін ұстап, босаңсытыңыз. Қолыңыздың немесе бармақтарыңыздың қозғалысын болдырмаңыз. Миыңыз жұмыс істеп тұрған кезде, қалғаны демалу керек принципін ұстаныңыз.
Аз және жиі өз нәтижесін береді!
Күні бойы оқулықтардан үзілмей, ережелер мен сөздерді жаттайтын, жаттығуларды орындап, мәтіндерді оқи беретін «марафоншылар» жиі кездеседі. Бұл түбірінен қате нәрсе. Әр сабаққа қанша уақыт жұмсау керектігі жөнінде көп айтылды. Естеріңізге тәжірибемен дәлелденген принципті сала кетейік: сабақты аз, бірақ жиі оқу нәтижелі болады. Яғни, 10 минуттан таңертең, түсте және кешке, жарты сағат, бірақ бір-ақ реттен тиімдірек.
Айтпақшы, бөлшек сандардың принципі, уақытты бөлісумен қатар, тіл материалының әмбебап құралы болып табылады. Бір уақытта жүз сөзді жаттағаннан гөрі, екі сағат сайын бес жаңа сөзден жаттап отырған дұрыс.
Грамматиканы үйрену кезінде де бір материалды бірнеше бөлікке бөліп, оларды бөлек-бөлек және әр уақытта талдау қажет. Мысалы, бірінші күні көптік жалғаулардың стандарттық тізбесін қарастырсаңыз, екінші күні ережелердің ерекшіліктеріне бас сұғыңыз.
Ең бастысы көп емес, ең бастысы – сапа!
Сөздік қорын байыту бойынша кепілдемелерді беруді талап ететін өтініштермен жиі кездесуге тура келеді. Бірақ, бұл орайда мақсатыңыз басқаша болуы тиіс: ең бастысы көп емес, ең бастысы – сапа. Уақытыңызды жиі қолданылатын сөздерге жұмсаған жөн. Оның үстіне қарапайым жаттаудың орнына, оларды ауызекі сөйлеуде қолдануды алға тартқан дұрыс. Сөздігіңізде жазылып, дегенмен, ешқандай энергия мен уақытты алмаған бес мың сөздің орнына, есіңізде қалып, оларды тәжірибе түрінде қолданатын 300 белгілі сөздің орны бөлек болар. Сол себепті де, сөздің мағынасын сөздіктен іздеу мен оларды есте қалдыру талпынысының орнына, әр жаңа сөзге мысал келтіру жолында тер төккен тиімдірек.
Оқытушыға үміт зор, бірақ бәрі де өзіңе байланысты!
Тіл үйрену үшін аз емес қаражат жұмсап, осымен нәтижеге қол жеткіздім деген пікірдегі адам, қатты қателеседі. Бұндай керемт бола қоймас! Қанша тырыссаңыз да, бір адам екінші бір адамды бір нәрсеге барынша үйрете алмайды. Шынына келетін болсақ, ұстаздың тәжірибесі, онымен таңдалған оқулығы мен әдістемесі, сізге кез келген тілді үйрену жолында біраз бағыт-бағдар беріп, тіл үйренудің тиімді тәсілдерін көрсетуге ғана көмектеседі. Бұл орайда пайда сіз тіл үйренуге өз еркіңізбен жұмыс істесеңіз ғана болады. Ең алдымен нақты міндеттерді анықтап алу қажет: сізге тіл не үшін керек және сіздің таңдауыңыз қандай?! Демек, басқа біреу емес, керісінше, сіз өзіңізді оқытуыңыз керек. Қалғаның бәрі сіз үшін тек көмекші құрал ретінде бағаланады.
|
|