|
|||||||||||||||
|
|||||||||||||||
|
Орталық пен оқытушыны қалай таңдау керек?Қазіргі заманда шетел тілін білу – жетістік кепілі. Шетел тілі - өмір қажеттілігі, сауатты білім алу мен болашақ мансаптың айрылмас бөлігі. Қай кәсіпті алып қарасақ та, тілсіз адам кісәби жетістіктерге қол жеткізе алмайтыны ақиқат. Бұған дейін жаңа өмір дүйсенбіден басталатын болса, енді шетел тілін үйренуден басталады. Шетел тілдерін үйрену қажеттілігіндегі тенденциялардың өсуімен, біздің шағын ғана қаламыз қызмет көрсетудің аталмыш түрі бойынша «мегаполисті» еске түсіреді. Сұраныс болса, ұсыныс та бар. Таңдау болғаны қуантарлық жәйт. Бірақ, қалталы ата-аналарды пайдаға жаратуды алға тартатын кейбір орталықтардың тіл үйрету сапасы толғандырмай қоймайды. Курстарды балалары мен өздері үшін таңдайтын адамдар, көбінесе сабақтардың арзан болуына, жөндеу жұмыстары жақсы жасалғанына немесе үйіне жақынырағына жүктеледі. Дегенмен, ең бастысы болып оқытудың сапасы қала бермек. Сонымен, лайықты орталықты қалай таңдау қажет екен?! Мақсат. Шетел тілдерінің курстарын таңдауда, ең алдымен ол сізге не үшін керектігін анықтап алыңыз. Бұл орайда бірнеше вариант болуы мүмкін: балаңыз үшін, өзіңіз үшін және жұмысыңыз үшін. Жақсы курстарға сіздерге әр деңгейден не күту керектігін, қай кезеңде грамматика мен лексиканың қай түрін оқитыныңызды, осы мерзім ішінде қандай жетістіктерге қол жеткізетініңізді айтып береді. Бала мен ересек адамды бір бағдарлама бойынша оқытуға болмайтынын есіңізде сақтаңыз. Ал жақсы курстар өздерінің бағдарламаларын бала мен ересекке бөліп қана қоймай, оның алуандығын ұсынады. Әдістеме. «Қай әдістеме бойынша жаттығамыз?» деген сауал да орынды. Бұл орайда кітап - әдістеме еместігін, ал әдістеме – кітап еместігін ұмытпаған жөн. Көптеген курстар Оксфорд, Кембридж, коммуникативті, жылдам немесе грамматикалық-аударма әдістемелерін алға тартуды әдетке айналдырған. Ал лайықты орталықтың оқытушысы ше Сізге жоғарыда аталып өтілген әдістемелерді алмастырып отыру - дұрыстау болатынын пайымдап береді. Құжаттар. Тағы бір маңызды сауал – сізге сабақты кім береді? Сіздерге сабақ беретін ұстаздың кем дегенде педагогикалық немесе лингвисттік білімі болуы тиіс. Батыс сертификаттары мен мақтау қағаздарын көрсетсе, тіпті жақсы. Ең басты шарт – ұстаз тәжірибесінің болуы. Осылар болмаған жағдайда, басқа курстарды іздеп көрген дұрыс болады. Үйрету қабілеті. Басқа тұрғыдан қарағанда, ұстаздың жақсы білімі мен лайықты құжаттардың болуымен қатар, оқытушы өз білімін оқитын кісіге қалай бере алатыны да негізгісі болып табылады. Бұны тек оқытушымен жұмыс істеп көргеннен кейін немесе басқа адамдардан сұрап көру арқылы білуге болады. Жарнама хабарландыруында жазылған оқытушының деңгейін тексеріп көрудің ең жақсы амалы – курс түлектерімен немесе онда сабақ алып жүрген адамдармен сөйлесіп көру. Бұндай таныстарыңыз жоқ болса, байқама сабақтар жүргізілетінін біліп алу артық болмайды. Сабақтардың ұзақтығы. Сабақтардың ұзақтығы тест көмегімен сіздің үйренетін тілдің деңгейіне байланысты анықталады. Жақсы да лайықты орталықта аталмыш тест тегін жүргізіледі. Тіл білімінің деңгейлері курстармен ойланып шығарылмайды, бұл ортақеуропалық стандарттар. Әдеттегідей тіл білудің деңгейі 6 сатыдан тұрады: Beginner – элементарлы (абсолютті нөлден бастап), Elementary - бастапқы, Pre-Intermediate – орташадан төмен, Intermediate - орташа, Upper-Intermediate – орташадан жоғары, Advanced – алдыңғы қатардағы. Деңгейдің не екенін сіздің білуіңіз керек. Аталмыш деңгейлерді баламен салыстыруға болады: бір жасында – жаңа-жаңа жүре бастайды, екі жасында – жүгіре бастайды, үш жасында – биле бастайды, ал алтыда – көркем гимнастикасынан спорт шебері болуы мүмкін. Сабақтар әр деңгейде оқу сабақтарының нақты сағаттарын қарастырады – 80 сағаттан 120 сағатқа дейін. Тестке дейін тілді қанша уақыт үйренітіңіздің шамалы уақытын ғана біле аласыз. 80 сағат болса, бұл аптасына екі рет жүйесімен кем дегенде 10 ай. Егер алға қойған мақсатыңызға аз уақыт бар болса, сізге қарқынды тіл үйренуді ұсынатын орталықты іздеу қажет. Қарқынды әдістің басты маңызы – тездетілген кесте арқасындағы қысқмерзімділік (аптасына 6 реттен кем емес) және арнайы тәсілдер. Ал қарқынды сабақ оқытудың басты мақсаты – сөйлеуді тез әрі жеңіл үйрету. Айтпақшы, жақсы әрі лайықты курстарда стандартты төрт сабақ беруден басқа сізге элементарлыдан орташаға дейін алдыңғы қатардағы деңгейлерді де ұсынады. Оқыту барысында сізді жолшыбай немесе қосымша (KET, PET, FCE, CAE) сияқты Кембридж емтихандарын тапсыруға дайындайтын болады. Сертификат. Жиі қойылатын сұрақтардың бірі сабақ аяқталғаннан кейін сертификат беріле ме жоқ па?! Бұл жерде кез келген орталық сізге білім алғаныңыз туралы сертификаттың бере бермейтін айта кеткен жөн. Білім жөніндегі құжаттарды рұқсатнамасы бар орталық ғана береді. Рұқсатнама – нақты мемлекеттік стандарттарға сәйкес келетін сабақ алудың жағдайлары мен деңгейін растайтын құжат. Аталмыш білім беру мекемесі мемлекеттік аттестациядан өтіп, осының негізінде емтихандарды жүргізуге және оның нәтижелері бойынша сізге білім алғаныңыз туралы сетификатты беруге хұқылы. Мемлекеттік тіркеу куәліктеріне ие басқа да курстар мен орталықтар сіздерге тек «анықтама» ғана бере алады. Аталмыш «анықтама» сіздің біліміңіз бар екенін емес, білім алғаныңызды ғана көрсетеді. Нәтижесінде, келесідей орталықтарға хабарласпаған жөн:
Жақсы курстарды таңдаңыз! Бірақ, шетел тілдерінің курстарын кәсіпті де тиімді ететін барлық LEGO-бөлшектеріне назар аударыңыз. |
||||||||||||||